РУ КЗ EN  Кәсiпорын туралыВахтаҚызметПiкiрлерФотогалереяБайланысулар
 


 

Барлау геофизикасы.

Қызметтеріміздің негізгі бағыттары:

  • Осы заманғы сейсмобарлаудың сызықтық, көлемдік, көптолқынды әдістері
  • Тік сейсмикалық кескінді түрлендірулерді ұңғымалық зерттеу
Сейсмобарлауды техникалық жабдықтау

Сейсмикалық ақпараттарды жинау қазіргі заман телеметриялық жүйелерімен жүзеге асырылады: SN-428XL, SN-408UL, SN-388, Image System, Input/Output System IV және «Прогресс-Л» сызықтық жүйелерімен.

Сейсмикалық тербелістердің жарылатын және жарылмайтын көздері пайдаланылады.

Жарылмайтын көздердің негізгі түрі сейсмикалық вибраторлар болып табылады: PLS-362, Hemi-50, AMG-28, Nomad 65.

Жарылатын ұңғымаларды бұрғылау және МСК ұңғымасы УРБ-2А2 бұрғылық қондырғыларымен жүргізіледі.

Сейсможұмыстарды топогеодезиялық қамтамасыз ету GPS спутниктік орнығу жүйесі және Trimble-5700, GB-1000, Pathfinder Pro-XR/S, Geo Explorer электронды тахометрлері көмегімен жүзеге асырылады.

тік сейсмикалық кескіндеу

Ұңғымадағы сейсмикалық зерттеу ВСП, НВСП, ПМВСП тік сейсмикалық кескіндеу әдістерін түрлендірумен орындалады.

Сейсмикалық тербелістердің жарылатын және жарылмайтын көздері пайдаланылады.

Осы заманғы аппаратура мен жоғары білікті мамандар келесі геологиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Орта параметрлерін анықтау;
  • Ұңғыма кенжарынан терең геологиялық кескінді болжау;
  • Ұңғыма жанындағы және ұңғыма арасындағы кеңістіктегі өнімді аралықтардың құрылымдық ерекшеліктерін толық зерттеу;
  • Өнімді аралықтардың литологиясын бағалау;
  • Жарықшақтық тегін зерттеу.

Жоғарыда аталған есептерді шешу ЖШҚ «ТНГ-Групп» мамандары әзірлеген арнайы бағдарламалы-техникалық кешенімен жүргізіледі.


 

жаңалықтар тiзiм жоқ

Қазақстандағы ауа райы
Орал:
 күндіз: °  түнде: °
Астана:
 күндіз: °  түнде: °