РУ КЗ EN  Кәсiпорын туралыВахтаҚызметПiкiрлерФотогалереяБайланысулар
 


 

Компания туралы

«ТНГ - Группен» құрған, ҚР территроиясында Орал қ. 2005 жылдың қараша айында тіркелген «ТНГ – Орал гео» ЖШС Қазақстан Республикасының геофизикалық қызметтер нарығында өз ісін атқарады, геологиялық құрылымдарды, нысандарды талдап тексеру, іздеулер, барлауларды зерттеуде, сонымен қатар геофизикалық ақпараттарды өңдеу мен интерпретациялауда толық кешенді геофизикалық, кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда «ТНГ-Орал гео» ЖШС-нде ұңғымаларды геофизикалық зерттеу, 2Д және 3Д әдістерімен сейсмобарлау жұмыстарын, сонымен қатар терең ұңғымаларды қазу кезінде геолого-технологиялық зерттеулер жүргізу үшін жоғары білікті мамандар және қазіргі заманғы техникалық және бағдарламалық-әдістемелік құрал-жабдықтары бар.
Өткен кезеңде «ТНГ-Орал гео» ЖШС Батыс Қазақстан облысы аумағында «УралОйлЭндГаз» ЖШС компаниясы және «БК «Степной Леопард, ЛТД» ЖШС-ң тапсырысы бойынша 1590км2 3Д сейсмобарлау жұмыстары орындалды, «Жайықмұнай» ЖШС-мен келісімшарт бойынша Чинарев УВ кен орны аумағында іздеу, барлау және кәсіпшілік ұңғымалар 20-ға жуық зерттелулер жүргізілді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында да, Ақтөбе облысында да бірқатар ұңғымалардың сейсмокаротажы жасалды. Федоров шығырындағы Рожков құрылымда жұмыс жасау барысында алынған сейсмобарлау мәліметтері бойынша 2008 жылы жаңа мұнай кен орны ашылды.
2007 жылдан бастап «ТНГ – Орал гео» ЖШС мемлекеттік тапсырыс бойынша «РД«КазМұнайГаз» ЖШҚ-сына Атырау облысында Лиман және Р-9 алаңдарында 2Д сейсмобарлау 2000 а.км. өңделген. Алынған жорықтық материалдарды өңдеу және интерпретациялаудың нәтижесі бойынша зерттеу алаңдарында барлау ұңғымаларды бұрғылауға арналған мұнай мен газға болашақты құрылымдар белгіленді. Осы жұмыстар үшін «РД«КазМұнайГаз» ЖШҚ-сының әкімшілігі алғыс хат берді. 2009 жылы БҚО территориясында «КазКорМұнай» ЖШС-на «Карповский южный» лицензиялық шығырында, «ТрансНафтаЦентр» ЖШҚ-сына «Каменковский» шығырында жоғары сапалы жұмыстар жасалған.
«ТНГ – Орал гео» ЖШС жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде белгілі бір әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырады. Сонымен қатар геофизикалық жұмыстары жүріп жатырған территорияда орналасқан шаруашылық субъекттерге көмек үнемі көрсетіледі.
2006 жылы Қазақстан және Татарстан президенттерінің бастауымен «ТНГ-Групп» қолдауымен Орал қ. ұлы ақын Ғабдолла Тоқайдың мұражайы жаңартылды. 42.0 млн. теңге сомасындағы жаңарту жұмыстары «ТНГ – Орал гео» ЖШС-мен қаржыланған.
«ТНГ – Орал гео» ЖШС-нда едәуір жоғары техника-әдістемелік әлеуеті бар және Қазақстан Республикасының мұнай және газ өндіруші барлық аумақтарында жер астын геологиялық геофозикалық зерттеу саласында бірігіп қызмет жасауға дайын.


 

жаңалықтар тiзiм жоқ

Қазақстандағы ауа райы
Орал:
 күндіз: °  түнде: °
Астана:
 күндіз: °  түнде: °